Қазақстанда жылыту маусымы басталғалы 403 келеңсіз жағдай орын алған. Алдағы маусымда осы олқылықты қайталамау маңызды. Қазір Риддер, Екібастұз, Теміртау, Жезқазған, Ақтау және Кентау қаласында апат қаупі жоғары. Осыны ескерген Мәжіліс депутаттары Екібастұзға барып, жылу энергетикасы мәселесін талқылады.Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Қазір мына бірнеше қазандықтар күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қазіргі таңда мына қазандықтар депоттау жұмыстары жүріп жатыр. 1-2 цехқа барып, өз көзімізбен көрдік. Жалпы, сол жердегі мамандардың айтуынша, қаржылар бөлінген. Арнайы қондырғылар, жабдықтар Қазақстанда және көқрші елдерде дайындалып жатыр.