Депутаттар Қарағандыда 14 ерекше бала уланған орталықты бақылауға алуды сұрайды

Депутаттар Қарағандыда 14 бала уланған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын бақылауға алуды сұрайды. Елімізде мұндай мекемелер, тіпті интернаттар да өз беттерінше еш бақылаусыз жұмыс істейтін көрінеді. Сондықтан онда тұрып жатқан бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің денсаулығы, ем алу жағдайы мен қауіпсіздігі жабық, сыртқа белгісіз күйде. Бұл мәселе Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Қарағандыда өткен көшпелі отырысында айтылды. Комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов бастаған бірқатар депутаттар аталған орталықты аралап, ерекше балаларға күтім жасайтын мекеме жұмысымен танысты. Айта кетейік, мұнда екі ай бұрын 14 бала уланып, екеуі қайтыс болды. 4 бүлдіршін әлі де ем алып жатыр. Аймағамбетовтың айтуынша, елімізде осындай орталықтар жабық мекемелерге айналған. Сондықтан балалардың денсаулық жағдайы басқа медицина, білім және әлеуметтік мекемелерге әрдайым ашық жария болуы тиіс дейді. Қазіргі таңда осы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қатысты жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ӘЛЕУМЕТТІК- МӘДЕНИ ДАМУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: “Заң жобасы болғаннан кейін бір- ақ қана норма болмайды.Лицензиялау мәселесі де қамтылады.Мен айтқан ратация мәселесін қамтимыз деп отырмыз.Оның ішінде тиісті талаптарды күшейту мәселесі қарастырылып отыр.Жабық мекемелерді шұғыл тексеру мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Өйткені бұлар жабық мекеме болғаннан кейін балаларөз- өздерінің құқықтарын қорғай алмайды”. Сонымен қатар арнайы мекеме мамандарының жалақысын көтеру мәселесі де қаралып жатыр. Себебі, мысалы осы орталықта дәрігер тапшы, оның үстіне жалақы аз, 80 мың мен 160 мың теңге аралығында. Әлеуметтік салада жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің айлығы емханалардағы мамандардыкінен әлдеқайда төмен. Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ: “Негізі теңбе- теңдік осы біздің саламыз әлеуметтік сала, денсаулық саладағы дүмыс жасайтын және де білім, ағарту саласында әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын бірдей қылып жасауға ендігі жылға дейін бюджетке ұсыныспен кіреміз ба деген жоспар бар”.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды