Биыл Мәжілісте 35 заң қабылданып, Сенатқа жіберілген. Мемлекет басшысы 26 заңға қол қойған. Бұл туралы бүгін жылды қорытындылаған мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты. Барлық фракцияның депутаттары өз сайлаушыларымен тығыз байланыста болып, ерекше қарқынмен жұмыс атқарды. Мәжілісте тұрғындардың көкейінде жүрген өзекті мәселелердің бәрі қаралған. Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы сессия барысында барлығы 233 депутаттық сауал жолданғанын атап өтті.Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Парламенттік талқылаудың, депутаттық сауалдың мазмұны мен деңгейі жаңа сатыға көтерілді. Осылайша, бәріміз жаңа саяси мәдениет қалыптастыруға атсалыстық. Биыл депутаттар Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» саяси формуласын іске асыруға белсенді түрде үлес қосты. Келер жылы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларын жүзеге асыру және халықтың мүддесін қорғау бойынша жұртшылықпен тығыз қарым-қатынастағы жұмысты жалғастыратын боламыз