Десантшы қыздар аспан астында челлендж бастады

Қарулы күштердің Қонаев гарнизонындағы десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері парашютпен жоспарлы секіруді орындады. Олардың ішінде халықаралық әйелдер күні қарсаңында "Мен мамандығымды жақсы көремін" челленджін бастаған 13 санитарлық нұсқаушы қыз бар, - деп жазды zakon.kz.Қыздардың бәрі 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасында бір жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді және олардың біразы кемінде үш рет парашютпен секірген. Нәзік жандылардың көбі десанттық-шабуылдау бөлімшелерінің санитарлық нұсқаушылары лауазымдарында қызмет етеді және парашютпен секіру олар үшін қауіпті емес, жауынгерлік дайындық элементтерінің бірі болып саналады. Ефрейтор Айнұр Махантаева әуеден парашютпен секіруге алғаш рет қадам басты. Ару қыз секіруге ұзақ дайындалғанын айтады. Бастапқыда қорқынышты болғанмен, достары мен әріптестері оны жерде де, тікұшақта да қолдап отырды. "Екі ай бойы мен секіруге дайындалдым, Д-6 4 сериялы парашют жүйесінің барлық тактикалық-техникалық сипаттамалары мен құрамдас бөліктерін, дұрыс оралуын мұқият үйрендім. Әуе-десанттық кешенінде секірудің жердегі элементтері, соның ішінде штаттан тыс жағдайларды да пысықтадым", - дейді Айнұр. Бригада командирінің әуе-десанттық дайындық жөніндегі орынбасары подполковник Абдурахим Юлдашевтің айтуынша, әсіресе қыздар мүмкіндігінше жиі секіруді қалайды екен, себебі оларды Десанттық-шабуылдау әскерлеріндегі қызметі ынталандыратын көрінеді.Десантшылар "Мен мамандығымды жақсы көремін" челленджін бастап, погон киген қыздарды осы бастаманы қолдауға шақырады. Осы күні 35-ші десанттық-шабуылдау бригадасынан барлығы 160-тан аса әскери қызметші парашютпен секірді, оның ішінде 96 адам - әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
«Барыс» хоккейшілері 2025 жылды жеңіліспен бастады
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді