«Дихандарға жаңа техника қажет», - Ә.Смайылов

Елімізде ауыл шаруашылығы техникаларының тозығы жеткен. Комбайндар мен тракторлардың 76 процентке жуығы ескі. Былтыр отандық кәсіпорындар 15 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарған. Бірақ бұл шаруаларды жаңа техникамен қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов өндіріс қарқынын арттыруға тапсырма берді. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Біз отандық өндірісті дамыту үшін импортталатын ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға субсидия беруді азайтуды көздеп отырмыз. Индустрия, Ауыл шаруашылығы министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстанда баламалары бар импорттық ауыл шаруашылығы техникасына инвестициялық субсидия беру мөлшерлемесін 25-тен 15 пайызға дейін төмендету мәселесін пысықтауы қажет. Ауыл шаруашылығы техникаларын бірсыпыра жаңарту үшін биыл елімізде 5 мың трактор мен 900 комбайн құрастырылады. Қазірдің өзінде Қостанай облысында тракторларға арналған кабиналар өндірісі жолға қойылған. Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ: Қазіргі уақытта шығарылатын техника ірі торапты құрастыруға негізделген. Сондықтан кәсіпорындардың шағын торапты құрастыру әдісіне ауысуын жоспарлап отырмыз. Секторды одан әрі дамыту ішкі нарықтың қажеттілігін толық көлемде қамтымайтын аспалы және тіркемелі техника өндірісін ұлғайтуға бағытталатын болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент Тоқаев әкесінің атындағы мектепке барды
Президент Қазақстан Жазушылар Одағын 90 жылдығымен құттықтады
Түркістанда ботаникалық бағы бар "Жастар" саябағы пайдалануға берілді
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді