Әнші, музыкант, артист Димаш Құдайберген Қазақстанға келеді. Ол 17 қарашада Астанада болатынын айтты."Ертең үйде боламыз. Астана аренада ұлттық құрамамызды бірге қолдайық! Алға Қазақстан!" - деп жазды ол өзінің Instagram-дағы парақшасында. Бұған дейін музыкант Женеваға барып, Швейцариядағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде де болған.17 қараша күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Н кіші тобының тоғызыншы туры аясында "Астана Аренада" Сан-Марино командасына қарсы ойнайды. Еуро-2024 іріктеу турнирінің сегізінші турынан кейін Қазақстан құрамасы 15 ұпаймен H кіші тобының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр. Сан-Марино ұпайсыз соңғы орында.