2024 жылғы 4 мамырда Будапештте әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.Концерт қаланың ең үлкен жабық алаңдарының бірі – Ласло Паппа атындағы спорт алаңында өтеді, деп жазды әншінің жеке сайты. Димаш және оның командасы шоуда дәстүрлі және заманауи стильдегі ең қызық композицияларды ұсынады, әртүрлі тілде ән орындап, қазақтың ұлттық дыбыстық және ультра заманауи әуендік техникасын бір туындыда қалай үйлестіруге болатынын көрсетеді."Менің Stranger концерттік турым жаңа 2024 жылы Еуропада басталатынын хабарлауға қуаныштымын. Дунай жағалауында әдемі Будапешт қаласында – Венгрияның астанасында сіздермен кездесуді асыға күтемін!", - деп жазды әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында.