24 маусымда Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Димаш Құдайбергеннің алғашқы «Stranger» жеке концерті өтеді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.Концертті ұйымдастырушылар әнсүйер қауымға ерекше сый әзірлеген. Үлкен шоу қарсаңында қонақтарға билеттер мен әртістің аты жазылған эксклюзивті өнімдер ойнатылды. Вокалистер арасында байқау ұйымдастырылды. Мұнда басты жүлде иегері концерттің шымылдығын ашатын қонақ ретінде өнер көрсетеді. Байқауда Димаштың репертуарынан «S.O.S», «Адажио», «Опера-2» сияқты танымал әндер орындалды. Байқау жүлдегерлері жас музыканттар Lim Yue Zhen және Aric Lau, ал жеңімпаз – «Знай» әнін орындаған 16 жастағы әнші Eshan . Сонымен қатар Малайзияның ең танымал әншілерінің бірі – Дато Шри Сити Нурхализа концерттің арнайы қонағы ретінде қатысатынын жариялады. Сити Нурхализа Димаштың орындауын өте жоғары бағалайды. Концертте арнайы қонақ болу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бергенде Сити Нурхализа Димаштың әншілік қабілетіне, шығармашылығы көңілінен шығып, тәнті болғанын айтты. «Димаштың дауысы керемет, мейлі ол жоғары нотада болсын, төмен нотада болсын, еш қиындықсыз еркін ауыса алады, өте керемет ән айтады», деп айтты Дато Шри Сити Нурхализ xuan.com.my басылымына берген сұхбатында.