Димаш Құдайберген барша жанкүйерлеріне арнаған «Өмір» атты жаңа музыкалық композициясын ұсынды. Шығармада әншінің алғашқы қадамынан бастап бүгінге дейінгі өмірі мен шығармашылық жолы баяндалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.«Өмір» – Димаш Құдайбергеннің терең де әсерлі композиторлық туындысы, онда әртіс өз-өзімен іштей монолог жүргізіп, өз өмірінің әр сәтін әсерлі әңгімелейді. Дыбыссыз реңктерде орындалған музыкалық бейне MOOD video жанрында түсірілген. "Клипті қарау кезінде көрермендер проекторы бар кішкентай қараңғы бөлмеге көшеді, онда Димашпен бірге оның өміріндегі ең жарқын сәттерді тамашалайды: алаңсыз балалық шақ, музыкалық байқаулар, I am Singer байқауындағы жеңісі, оның сүйікті dears, қызықты адамдармен танысу және ұмытылмас концерттері туралы… Осы кадрлардың барлығына қарап, Димаш әр сәтті қайта бастан өткергендей", - деп жазылған әншінің жеке сайтындағы хабарламада. Айта кетейік, шығарманың музыкасы да, сөзі де Димаш Құдайбергендікі. «Өмір» – әуені де, сөзі де менің ішкі дүниемнен алғаш шыққан туынды. Менің туған күніме арналған шығарма. Мені су бетіндегі алапат толқындарға, ызғарлы дауылға қарсы тұруға шақырған барша тыңдармандарыма арнаймын. Бұл туынды менің өмірім туралы", - деп жазды Димаш Құдайберген.Клипті тамашалаған желі қолданушылары Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтап, ақ тілектерін арнады.