Желіде танымал әнші Димаш Құдайбергеннің "үйлену тойында" түсірілген видеолар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.TikTok әлеуметтік желісінде өнер иесінің қалыңдық қолына сақина тағып, маңдайын сүйіп жатқан видеосы тарады. Кәсіпкер Айгүл Әміржанова Димаштың танымал брендтің сақина салынған көгілдір қорапшасын ұстап, қызға сөз салып жатқан видеосын жариялады. Өнер иесі жарнамалық роликке түсіп, әйгілі зергерлік брендтің елшісі болғаны белгілі болды. "Димаш жаңа жоба үшін Tiffany&Co компаниясын таңдады. Біз үшін бұл - жақында болатын үлкен нәрсенің кішкентай бөлігі болу мүмкіндігі", - деп жазған Айгүл Әміржанов.