Димаш тыңдармандары Аргентинада Қазақстан құрметіне монумент орнатады

Аргентинаның Росарио қаласындағы Қазақстан алаңында биіктігі алты метрлік Alma del Río монументі орнатылады. Бұл бірегей сәулет өнері — 2019 жылдан бері бауырлас қала атанған Алматы мен Росарио арасындағы ерекше байланыс пен достықтың символы.Ескерткіш жобасын Латын Америкасындағы Қазақстан мәдени орталығының директоры Ирина Вагнер таныстырды.Таныстырылымы Дэвис кубогындағы Қазақстан мен Аргентина матчына арналған баспасөз конференциясында өтті.Иринаның айтуынша, мозаика іспеттес шағын керамикалық элементтермен қапталған бұл ескерткіш — бүкіл әлемдегі бірлік, достық пен бейбітшіліктің символы.Ескере кететін тағы бір жәйт, бұл ескерткіштің әрбір бөлігі Димаштың жанкүйерлерінің қайырымдылық жинағының арқасында жасалады.Осы сый арқылы Димаштың жанкүйерлері татулық мен Димашқа деген адал сүйіспеншілігінің шексіз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.Ескерткіштің жобасын әйгілі аргентиналық суретші-мүсіншілер Густаво Аугсбургер мен Даниэль Косик жасаған.Осы орайда, монументтің атауы Alma del Río қазақшаға «Өзеннің жаны, рухы» деп аударылса, екінші қызықты дерек: «Alma» — Алматы және «Río» — Розарио қалаларының алғашқы-соңғы буындарынан алынған.Ескерткіштің ашылуы 2024 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай жоспарланып отыр.Сонымен қатар, баспасөз конференциясында испан тілінде сөйлейтін жандарға арналған қазақ тілінің тұңғыш оқулығы да таныстырылды.Бұл оқулық таяуда бірнеше елде қолжетімді болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі