Димаштың концертін тамашалауға әлемнің 77 елінен көрермен келді

Будапештте Stranger туры аясында Димаштың алғашқы жеке концерті өтті.Мажарстандағы ең үлкен алаң – Ласло Папп спорттық аренасында аншлаг. 77 елден келген әншінің жанкүйерлері Dears фандомының бірдей футболкалары, жилеттері, шарфтары мен басқа да түрлітүсті атрибуттарымен өте әдемі көрінді, – деп жазды dimashnews.com.Әр елде өткізілетін Димаш шоуы халықаралық мерекеге айналып жатыр. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі әнші жанкүйерлері қалаға алдын ала келіп, бір-бірімен танысып, дәстүрлі pre-party стилінде кездесу ұйымдастырады.Будапешттегі концертте еуропалық авторлардың «GOLDEN» және «S. O. S D ' un TERRIEN EN DÉTRESSE» шығармалары Қытай және жапон композиторларының «battle of MEMORIES», «JUST LET it BE» және «AUTUMN STRONG» секілді туындыларымен үйлесе орындалды.Димаштың гастрольдік турының басты міндеттерінің бірі – көрермендерді Қазақстанның дәстүрлі және заманауи мәдениетімен таныстыру. «Дүрдараз» халық әні, «Адай» күйімен қатар сахнада белгілі отандық авторлар Еділжан Ғаббасовтың «FLY AWAY», Джордан Аракелян, Айгүл Бажанова мен Мұңайдар Балмолданың «Махаббат бер маған» және Димаштың інісі Әбілмансұрдың «TOGETHER» атты алғашқы композиторлық шығармалары шырқалды. Димаштың «Stranger» туры Венгрияда әншінің жеке концертімен жалғасын тапты.Димаш Құдайбергеннің келесі концерті 24 мамырда Ыстанбұл қаласында 30 жасқа толған туған күніне орай өткізіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ертең елімізде ауа райы қандай болады
Еліміздің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Дзюдодан әлем чемпионаты: Сметов пен Тынбаева бірінші кезеңде жеңіске жетті
"Қолымнан ештеңе келмейді". Қара бетперде таққан жігіт жертөледе тұрған отбасыға пәтер сыйлады
Сердечный приступ случился у водителя за рулем пассажирского автобуса в Павлодаре
Бүгін Қазақстанның хоккей құрамасы АҚШ-пен кездеседі
Қазгидромет 20 мамыр күнгі ауа райы болжамын жариялады
Павлодарда трамвай бағанына соғылған автобус жүргізушісі көз жұмды
Александр Усик абсолют чемпион атанды
Қазақстандық спортшы Азия біріншілігінде чемпион атанды
Сәтпаев университетінің оқытушылары су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр
Астанада «Әке мен бала» форумы өтті
Ақмолалық тұрғын скутер аламын деп, алаяққа тап болған
Сарыағаштағы 3 жасар қыздың өлімі: полиция істің мән-жайын мәлімдеді
Fitch рейтингі: Қазақстанның тәуелсіз кредиттік деңгейі "тұрақты" деп бағаланды
Атырау облысының әкімі тасқын қаупі жоғары елді мекендерді аралады
Павлодарда трамвай бағанына соғылған автобус жүргізушісі көз жұмды
Павлодарда автобус жүргізушісі трамвай бағанасына соғысып, көз жұмды
Алматыда оқушылар ардагерлермен кездесті
Ауғанстанның орталығында су тасқыны салдарынан 50-ден аса тұрғын қаза тапты
Біз оны Тасқынбай деп атаймыз: Құлсары тұрғыны ТЖ кезінде алғашқы сәбиін өмірге әкелді
Құлсарыда бір күнде жедел желіге 500-ге жуық адам қоңырау шалған
"200-ден аса қуыршақ жиналған". Шымкент тұрғыны ерекше хоббиі туралы айтты
Elorda Cup: 14 боксшымыз жеңімпаз атанды (ВИДЕО)