Жуырда ғана Еуропадағы концерттері аншлагпен өткен әнші Димаш Құдайберген 19 мамырда әлеуметтік желідегі парақшасында ағылшын тілінде өмір туралы пәлсапалық жұмбақ жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz."Қойған әр концертімнен кейін менің өзімнің өзіндік пәлсапама құрылған концертім басталады. Оның орындаушысы да, тыңдаушысы да тек өзіммін: жаңылысып, басқа нотаны орындауыма мүлде болмайтын. Бұл концерт өмір деп аталады", делінген жазбада.Әншіні мұндай жазба жазуға не түрткі болғаны белгісіз, белгілісі - ол баршаның сүйіктісі, себебі Димашты сабырға шақырып, алаңдаушылық білдіріп, осы жазбасы астына пікір қалдырып жатқандар қарасы өте көп.