Әнші, блогер Динара Қырықбаева көпшілікті жақсы жаңалығымен қуантты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.“Мен оны кездестірген сияқтымын. Маған “ажырасқан әйел тұрмысқа шыға алмайды” деп жазып жатқандар көп. Оны алдағы уақытта көреміз”, – деп жазды Динара Қырықбаева.Өнерді тастап, блогерлікке бет бұрған келіншек бұған дейін де екінші рет тұрмысқа шығу туралы ойланып жүргенін айтқан еді. Динара Қырықбаеваның бұл жазбасы оның оқырманын бейжай қалдырмады. “Бақытты болыңыз”, “Әйнл бақытын тілеймін”, “Бағың жансын”, “Әрбір ару бақытты болуға лайықты”, “Өзі қаласа бәрі болады”, “Екінші рет тұрмысқа шығып, сырға салып, той жасап жатқандар бар”, “Іздеген табады”, – деп жарыса жазды желідегілер.