«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында бюджеттік кредит көлемі 2,5 мың АЕК-ке дейін ұлғаяды

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында берілетін бюджеттік кредит көлемі 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылмақ. Бұл туралы Сенаттың «Өңір» депутаттық тобының отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты.«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында несиенің ең жоғары мөлшері 1 500 айлық есептік көрсеткіш болса, енді оны ұлғайтуға қатысты іс-шара көзделіп отыр. Яғни, бюджеттік кредит көлемін 2 000-2500 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал көтерме үстемақыны 100 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін 2 есе ұлғайту бойынша ұсыныстар жинау тапсырмасы берілді. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді вице-министр. Сонымен қатар ол ауылдық жерлердің инфрақұрылымдық мәселелерін шешу құралдарының бірі «Ауыл ел - бесігі» жобасы болғанын атап өтті. «Бұл жоба 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатыр. Сол 2019-2022 жылдардың аралығында 1 031 ауылдық елді мекенде 3700-дей жоба іске асты. Жалпы, 326 млрд теңге қаржы игерілді. 2023-2025 жылдары бюджеттен трансферттерді қарау кезінде жыл сайын 102,2 млрд теңге бөлу қарастырылды», - деді Бауыржан Омарбеков.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Қазақстан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
«Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды