Дизель қымбаттағанымен, ол таяу арада басқа тауарлардың бағасына әсер етпейді – АШМ

Ауылшаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтың айтуынша, Қазақстанда дизель отыны қымбаттағанымен, ол таяу арада басқа тауарлардың бағасына еш әсер етпейді.Бұл туралы вице-министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты. "Жалпы, жанар-жағармай бағасының өсуі тауарлардың құнына әсер етеді, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуметтік маңызы бар тауарларының да. Жалпы, сараптамалық бағалауға сәйкес, жанар-жағармай бағасының 20%-ға өсуі тауардың өзіндік құнының 2-ден 5%-ға дейін артуына әсер етуі мүмкін. Бірақ қазір көктемгі суару маусымына қажетті көлем, яғни 413 мың тонна алдын ала қарастырылып қойғанын атап өту керек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың тоннаға артық көлем. Бағасы да нарықтық бағадан 20%-ға төмен. Сондықтан жанар-жағармай бағасының, атап айтқанда дизель отынының өсімі қысқа мерзімді перспективада бағаларға әсер етпейді",- Ербол ТасжүрековСауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 4 сәуірде Үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында азық-түлік бағасының айтарлықтай өсімі орын алмайтынын айтқан болатын. Сол күні Премьер-министр Әлихан Смайылов, керісінше, жанар-жағармайдың қымбаттауы инфляцияға әсер ететінін мәлімдеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
eGov Mobile қосымшасында Қазпошта қызметтері қосылды
Ауылға арналған жаңа мүмкіндіктер: «Ауыл аманаты» жобасының үздіктері анықталды
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
«Шұбар» қосалқы станциясындағы жағдай: жедел бригадалар жұмыс істеп жатыр
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі ашылды
Ертең елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Кабель желісін ұрлап кеткен: астаналықтар жарықсыз отыр
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
«Ақылды болма»: Қарағандының әкімі желідегі пікірі үшін жазаланды
Бухарест қаласындағы олимпиададан Қазақстан құрамасы жеңіспен оралды
«Деректер журналистикасы бойынша оқу курсы» жарық көрді