АҚШ президенті Джо Байден Орталық Азия елдері басшыларының қатысуымен C5+1 форматында алғашқы саммит өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат newscentralasia-ға сілтеме жасап.Бұл туралы Д.Байденнің Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёвке жіберілген хатында айтылған. «БҰҰ Бас ассамблеясының алдағы сессиясын тағатсыздана күтіп жүрмін, онда біз халықтарымыз өміріндегі анағұрлым маңызды түйіткілдер бойынша прогреске жететін боламыз», - делінген Uzdaily жариялаған Америка президентінің хатында. «C5+1» — бұл шешімдер қабылдауға арналған өңірлік платформа. «Плюс» белгісі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан үшін арналған. ОА мен АҚШ басшыларының (СА5+1) кездесуі БҰҰ Бас ассамблеясы аясында 19 немесе 20 қыркүйекте өтетіні жоспарланған.