Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Анталиядағы (Түркия) ITF турниріндегі екінші кездесуін сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды Sports.kz.Түркиядағы турнирінің 1/8 финалдық кезеңінде Попко жергілікті теннисші Арда Азкарамен кортқа шықты. Кездесу қорытындысы бойынша 1:6 4:6 есебімен түркиялық спортшы жеңіске жетті. 27 жастағы қазақстандық спортшы қазір ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) жекелей рейтингінде 502-орында тұрса, небәрі 20 жастағы түрік теннисшісі 1 097-орынға жайғасқан.