"Доксури" супер тайфуны салдарынан Бейжің әуежайын су басып қалды

Бейжіңнің Дасин халықаралық әуежайы "Доксури" супер тайфунынан зардап шекті. Әуежайдың ұшу-қону жолағы мен әуе кемелерінің тұрағын су басты, деп хабарлайды Zakon.kz.Су басқан аумақтың бейнежазбасын Sky News жариялады. Әуе айлағындағы су тасқыны – ерекше әрі бұрын-соңды болмаған оқиға. Табиғат құбылысы рейстердің жаппай тоқтатылуына және кешігуіне әкеп соқтырды. Мыңдаған адам Қытай астанасынан ұшып кете алмай, ұшып келе алмай, әуре-сарсаңға түсті. Бейжіңде тайфуннан 20-ға жуық адам қаза тапты. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жергілікті билікке су құрсауында қалған адамдарды құтқаруды және адам шығыны мен материалдық шығынды азайтуға бақытталған шаралар қабылдауды бұйырды. Елде теміржол вокзалдары жабылып, 52 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Дауыл саябырсығанымен, билік су басу қаупі бар екенін ескертті.Соңғы бірнеше күндегі жауын-шашын мөлшері 2012 жылдың шілдесіндегі қатты найзағайдың рекордтық деңгейінен асып түсті, ол кезде қалада бір күнде 190,3 мм жаңбыр жауған. Қытай тарихындағы ең жойқын су тасқыны 1998 жылы болды, ол кезде 4150 адам қайтыс болды, оның көбі Янцзы өзенінде мерт болды. 2021 жылы орталық Хэнань провинциясында рекордтық жаңбыр жауып, провинция астанасы Чжэнчжоуды су басқан кезде 300-ден астам адам су тасқынынан қаза тапты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді