Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 454- 458 теңгеден саудаланып жатыр. Kurs.kz дерегінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 454,5 – 457,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 454,5 – 458 теңге аралығында құбылып тұр. Ұлттық банктің 9 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 455, 65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,36 теңге болды. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,15– 6, 45 теңге аралығында саудаланып жатыр.