Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,91 теңгеге төмендеп, 457,70 теңге болғанын мәлімдеді.Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 67,51 теңге (-0,45) болды. Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Рубльмен сауда біткен жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 501,3 теңге, рубльді 6,52 теңге деп белгіледі. Ақша айырбастау орындарында доллар 459-463 теңге, еуро 494-499 теңге, ресей рублі 6,2-6,5 теңге аралығында саудаланып жатыр. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 458,5 теңге, сатып алу – 463 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 457,5 теңге, сатып алу – 460,5 теңге.Ресей рублі 6,25 – 6,45 теңге аралығында саудаланып жатыр. Қор нарығында доллар бағамы өткен аптадан бері арзандап жатыр.