Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметінше, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр.Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 4,45 теңгеге төмендеп, 431,08 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 3 наурыздағы ресми бағамы - 435,69 теңге.Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 431,94 теңге, сату – 437,04 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 432,69 теңгеден сатып алынып, 436,08 теңгеден сатылып жатыр.