Қазақстанның Ұлттық банкі 1 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі.Бүгін, яғни сәрсенбіде доллар бағамы бірден 3,01 теңгеге арзандап, 445,82 теңге болып бекітілді. Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 449,14 теңге болған еді. Ресей рублінің ресми бағамы 5,96 теңге болды. Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 446 теңгеден сатып алынып, 448,5 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 445 теңгеден сатып алынып, 448 теңгеден сатылып жатыр. Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша: USD / KZT – 445, (АҚШ доллары) EUR / KZT – 472,75 (еуро) RUB / KZT – 5,96 (ресейлік рубль) TRY / KZT – 23,61 (түрік лирасы) CNY / KZT – 64,28 (қытай юані) KGS / KZT – 5,1 (қырғыз сомы) UZS / KZT – 3,95 (өзбек сомы).