Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 440 – 445 теңгеден саудаланып жатыр.Ұлттық банктің 16 мамырдағы ресми бағамы — 1 долларға 441,41 теңге.Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,84 теңге. Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 440 — 445 теңгеден сатылып жатыр.Ал, Алматыда доллар 440,7 — 442,5 теңге аралығында құбылып тұр.Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,75 — 4,85 аралығында саудаланып жатыр.Айта кетейік, 15 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,50 теңгеге қымбаттап, 441,43 теңге болған.