Ұлттық банк доллар мен рубльдің 26 қазанға арналған бағамын белгіледі.Атап айтқанда, 1 доллардың құны – 475,86 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,08 теңге. Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475– 480 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 476,5– 479,3 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,93 – 5,11 аралығында саудаланып жатыр. Еске салайық, 24 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,56 теңгеге төмендеп, 475,87 теңге болған.