Ұлттық банктің 15 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 451,33теңге.Ресей рублі 5,12 теңге болды. Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451– 455 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 451,7 – 454,3 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,97 – 5,17 аралығында саудаланып жатыр. Еске салайық, 12 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,52 теңгеге төмендеп, 451,33 теңге болған.