Доллар қымбаттап барады. Оған не себеп? Қаржыгерлер не дейді? Осы және өзге де ақпараттар "ЭКОНОМИКА" топтамасында. Ар ма, көрермен! Эфирде Экономика жаңалықтары, студияда, мен- БС. ДОЛЛАР КҮРТ КӨТЕРІЛДІ Доллар қымбаттап барады. Бүгін қор биржасындағы саудада АҚШ валютасы бірден 13 теңгеге көтерілді. Сонымен қазір 1 доллар-468 теңге. Оның бұлайша құбылуына қаржыгер Расул Рысмамбет 3 нәрсе себеп болуы мүмкін дейді. Соның бірі -тамыз айындағы бюджеттік түзетулер. Өйткені, бізде дәстүр бойынша бюджет тамыз айында қаралады. Сондай-ақ, теңге бағамының төмендеуі рубльдің тұрақты валюталарға қатысты әлсіреуімен тұспа-тұс келді. Ресей - біздің сауда-саттық саласындағы әріптесіміз. Доллардың қымбаттауы көрші елдегі инфляцияның өсуін білдіреді. Әлбетте, мұның бәрі бізге сөзсіз әсер етеді. Расул РЫСМАМБЕТ, ҚАРЖЫГЕР: Үшіншіден, күзге қарай ірі компаниялар қарыздарын өтей бастайды. Сондықтан олар рубль күрт арзандаған сәтті тиімді пайдаланбақ. Олар теңге де құлдырайды деген болжам жасап, доллар сатып алады. Осы 3-4 дерек сәйкес келіп тұр. Төртінші фактор. Үкімет квазимемлекеттік сектордың ұлттық компаниялары қор биржасы арқылы сатуы тиіс міндетті валюталық түсімдердің үлесін азайтқысы келеді. Осылайша, Үкімет бюджет қаржысын арттырғысы келеді. Теңге – жұмсақ валюта. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЗЫҚ-ТҮЛІККЕ ҚАНША ЖҰМСАЙДЫ? Қазақстандықтар табысының тең жартысын азық-түлікке жұмсайды. Picodi.com сарапшыларынің зерттеу нәтижесі осындай. Деректерге сенсек, азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалатын шығындар бойынша Қазақстан 105 елдің арасында 99-орында тұр. Бұл қатарда Өзбекстан және Анголада елдері де бар. Ал, ең төменгі көрсеткіш АҚШ, Сингапур, Ұлыбритания, Ирландия, Швейцария елдерінде. Азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалатын шығындар: Қазақстан - 49,4% Өзбекстан - 46,5% Ангола - 49,7% Азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалатын шығындар: АҚШ — 6,7% Сингапур — 8,4% Ұлыбритания — 8,7% Ирландия — 9,2% Швейцария — 9,9% ЕЛОРДАЛЫҚТАР КӨЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУГЕ ЖАЛТАРЫП ЖҮР Елорда тұрғындарының көлік салығы үшін қарызы 2 млрд теңгеден асқан. Яғни, автокөлік иелері міндетті төлемді төлеуге асығар емес. Бұл туралы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері мәлімдеді. {КСМ: } Арнайы рейдтік шаралар ұйымдастырылып, оның барысында 97 млн теңге өндірілді. Сондай-ақ Lexus, Toyota Land Cruiser, Mercedes Benz, Tundra секілді қымбат маркалы және қозғалтқыш көлемі 4 мың текше см-ден асатын 20-дан аса көлік айып тұрағына қойылды.