Қазақстанның Ұлттық банкі 9 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі.8 наурыздан бері доллар бағамы қайта көтеріліп, 438,57 теңге болып бекітілді. Айта кетейік, 7 наурызда америкалық валюта бағамы 432,83 теңге болған еді. Ресей рублінің ресми бағамы 5,81 теңге болды. Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 439 теңгеден сатып алынып, 444 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 439 теңгеден сатып алынып, 443 теңгеден сатылып жатыр. Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша: USD / KZT – 438,57 (АҚШ доллары) EUR / KZT – 467,34 (еуро) RUB / KZT – 5,81 (ресейлік рубль) TRY / KZT – 23,19 (түрік лирасы) CNY / KZT – 63,25 (қытай юані) KGS / KZT – 5,02 (қырғыз сомы) UZS / KZT – 3,87 (өзбек сомы).