Бүгін-Дүниежүзілік донор күні. Осыған орай «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.«AMANAT» партиясының Хатшысы Дәулет Кәрібек мұндай акция қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға атсалысып қана қоймай, азаматтарға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын еске салатынын айтты. Ел аумағында жыл сайын 230 мыңға жуық адам қан тапсырады. Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Бүгін ел аумағында 5 мыңнан астам адам ерікті түрде қан тапсыруды көздейтін акциямызға қосылды. Донор болу – адам өмірін құтқарып қалатын игі іс. Бұған қоса, бұл донордың денсаулығына да пайдалы. Сапалы медициналық көмек пен дәрі-дәрмекке еліміздің әрбір азаматы қол жеткізе алуы тиіс. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және партияның сайлауалды бағдарламасында жан-жақты айтылды. Біз барша қазақстандықты үнемі қан тапсырып отыруға шақырамыз. Ақтөбелік жастар «Қан тапсырып, өзгеге өмір сыйла» акциясына белсенді атсалысты. «AMANAT» партиясының "Жастар рухы" алғашқылардың бірі болып қан тапсырды. Әнуар ИСКАРИН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АОФ ТӨРАҒАСЫ: Менің өзім бірінші рет тапсырып отырмын. Біздің осы Ақтөбе облыстық филиалдағы жас белсенділер бастама көтердік. Содан соң біздің партия жанындағы депутаттар фракциясының жас депутаттары, жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес мүшелері ниет білдіріп, қазіргі таңда осы акцияға өз үлестерін қосып ерікті түрде көмектесуге бел буып отыр. Мұндай акциялар қан қорын толтыруға септігін тигізеді. Донор болғандардың көбі- 6-7 жылдан бері тұрақты түрде қан тапсырып келе жатқандар. Сондықтан облыстық қан орталығы ерікті донорларды жақсы біледі. Өйткені кез келген адам донор бола алмайды. Қан доноры 18 жастан асқан дені сау, салмағы кемінде 55 келі, медициналық тексерістен өткен ерікті азамат болуы тиіс. Ерсайын ӘМІРИН, БЕЛСЕНДІ: Маған ең қауанышты сезім маған бір- екі рет қан орталығынан хабарласып «сіздің плазмаңыз өте жақсы, кішкентай нәрсетелерге құйылады» деп сол үшін тағы да бір рет шақырғанда менің көңілім ерекше сезімде болдым. Себебі нақты білесің қандай балаларға қандай көмек керек екенін. Айта кетейік, Дүниежүзілік қан доноры күні 2005 жылдан бері атап өтіліп келеді. Қазақстанда жыл сайын 400 мыңнан астам қан құю процедурасы жасалады.