Допинг дауы: Жеңіл атлетикадан тұңғыш әлем чемпионы қазақстандық Нора Джерутоға қатысты шешім әлі шыққан жоқ

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек допинг дауына іліккен жеңілатлет Нора Джеруто туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Нора Джеруто 2018 жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын алған болатын. Былтырдан бері Қазақстан атынан ресми жарыстарға қатыса бастаған спортшы 3000 метр қашықтыққа кедергілермен жүгіру сайысында Әлем чемпионы атанған болатын. Бұл – Қазақстанның аталған спорт түрінен Әлем біріншілігінде иеленген алғашқы алтын медалі. Кения тумасы Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2019 - 2022 жылдар аралығында Қазақстан атынан жарыстарға қатысу құқығын рәсімдеумен айналысты. Оған дейін Өскеменде іргесі қаланған Altay Athletics клубының атынан сынға түсіп жүрді. Биылғы сәуір айында Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілінді. Осылайша 27 жастағы желаяқ алда болатын жарыстардан уақытша шеттетіліп отыр. Мұндай шешімді жеңіл атлетикадағы жағымсыз құбылыстармен күресетін тәуелсіз орган Athletics Integrity Unit (AIU) қабылдаған. «Нора Джеруто ауру салдарынан туындаған биологиялық паспортындағы өзгерістерді толық түсіндіретін медициналық құжаттар мен қорытындыны AIU комиссиясына ұсынды. AIU тергеуі әлі аяқталған жоқ, қазіргі уақытта Нора Джерутоға допинг қолдану туралы қорытынды шешім шықпады», - деді вице-министр Сәрсен Құранбек ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Сонымен бірге, вице-министр легионерлерге шақыру жіберу федерациялардың құзыретінде екенін, яғни шешімді тек өздері қабылдай алатынын айтты. «Егер легионерлер біздің спортшыларымызға жақсы ықпал етсе, олармен де жұмыс жасауға болады. Дегенмен ең алдымен өзіміздің спорт мектептерінің түлектерін қолдауымыз керек», - дейді С. Құранбек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады
«Бастысы, қателеспеу керек»: Айгүл Иманбаева 2025 жыл несімен ерекше болатынын айтты
«Алланың қалауымен жеңдім». Діншіл спортшыларға қатысты жол картасы әзірленіп жатыр
Жеңімпаз атанған 100-ден астам спортшы Париж Олимпиадасы медалін қайтарып берді
Алакөлде жеңіл көлік мінген ер адам қар құрсауында қалып қойған
“Жылқыңды сатып беремін“. Ақмола облысында ер адам алаяққа алданған
Құрамында никотині бар вейпті дайындап сатқан адам сотталды
Жамбыл облысында азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселесі кеңінен талқыланды
Криминалистер бір жылда 50 мыңнан аса тексеріс жүргізген
Ақтауда құстар мен итбалықтардың өлекселері табылды
Tele2 мен Altel Қатар еліне сатылды
«Бастысы, қателеспеу керек»: Айгүл Иманбаева 2025 жыл несімен ерекше болатынын айтты
«Қызымның шашын қырып тастаған»: Блогер ата-анасының ақылсыздығын айтып, еңіреп жылады (ВИДЕО)
Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын өлтірген үш оқушы сотталды
Анастасия Городко Универсиада чемпионы атанды
Кастет те суық қару
«Маскаң шешіледі...»: әнші Қарақат Әбілдина Қажылыққа барғандағы әсері жайлы айтты
Енді валюта айырбастау орындары ойына келген бағасын қоя алмайды
Химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады
Лос-Анджелестегі алапат өрттен Голливудтың атақты актрисасы тірідей жанып кетті
Қысқы универсиада: Ел қоржынына алғашқы алтын түсті
Адам өлтіргені үшін іздеуде болған күдікті ұсталды
Алматы әлемдегі ең лас 126 мегаполистің ішінде бірінші орында тұр
Өскемен тұрғыны дүкенде жалған ақшамен төлем жасаған