Досымжан Таңатаров театрдағы басшылық қызметінен неге кетті?

Қазақстандық танымал әнші Досымжан Таңатаров жастар театры директоры қызметінен кетті. Бұл жаңалықты өнер иесінің өзі растады. Ол шығармашылық пен қызметті қатар алып жүре алмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Досымжан Таңатаров басшылық қызметтен кеткенін "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты. Ол жастар театрының гүлденуіне барын салғанымен, өз шығармашылығы тоқтап қалғанын жеткізді. "Жақын күндері жарияланады. Бұл өзі жақын күндері ғана шешілген дүние. Жастар театрында, жалпы театр саласында екі жарым жыл жүріппін. Әділ Ахметовтың кезінде екі жыл орынбасар болдым. Сол уақытта Әдекенің көптеген дүниеден қолы қағылып жатты, қиналып жүрді. Бәрін өз көзіммен көрдім. Біреуіне сұранады, біреуіне қашып барады. Сосын ойлана келе театрды құрған Нұрлан ағамыз жанашыр ретінде директорлыққа ұсыныс білдірді. Өздері сенім білдіріп отырғаннан кейін қуана кеттім. Екі жыл бойына мені сынаса керек. "Сені жақсы әнші ретінде танып білдік, енді басшылық қызметте көрсек" деп айтты. Театр жұмысын жандандыру әрі қарай дамыту үшін қолдан келгенше жұмыс істедік. Бірақ өз шығармашылығым ақсап қалғанын байқадым. Бір орында қалып қойдым. Шынымен көп жерге бара алмай қалады екенсің. Шығармашылық пен қызметті бірдей алып жүре алмайтын болғаннан кейін осындай шешімге келдім. Қазір орныма басқа адам келді", - деді әнші. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Баспана мәселесі: Енді үлескерлер құқығын заң қорғайды
Сағындық Тоғамбай тәжік боксшысын техникалық нокаутпен жеңіп, Азия чемпионы атанды
Қытайдан келген 35 миллион теңге тұратын жүк күмән туғызған
Қала тұрғындары үшін жайлылық: Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғындары нені мақтан тұтады
Қазақстандық фильм спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады
«Назарбаев» әлі де өз күнін өзі көре алмай жүр...
Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді
Президент Хелен Кларкты қабылдады
«Өндіруші» өз өнімдерімен елді қуанта алмай қалды
Қазақстанда «100 медиативті мектеп» жобасы іске қосылды
Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы апатты жағдайдағы ағаштардың орнына ірі көшеттер отырғызылады
«Алматы» спорт клубының спортшылары Х Азия Тынық мұхиты ойындарында 12 медаль жеңіп алды
Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында алтын медаль алды
Заң – үлкен-кішіге ортақ
Қазақстанда 108 жастағы сиырлар пайда болыпты
Су саласының мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алады
Смайылов субсидия қаржысы қалай ұрланатынын айтты
Алматыда демалыс жәрмеңкелері жаңарды
Ел игілігі үшін атқарылған өмірлік еңбек
Х Азия Тынық мұхиты ойындарында есту қабілеті нашар адамдар арасында бақ сынаған қазақстандық спортшылар 66 медаль жеңіп алды
Білім саласын цифрландырудың тиімділігі
Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атана алмады
Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысынан аса алмады