Қызылша дерті дес берер емес. Жылдам таралатын ауруға әсіресе, балалар көп шалдығуда. Дене қызулары түспей, үстеріне бөртпе шығып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі қызылшаға қарсы екпе алмаған оқушылардың бір бөлігін онлайн оқытуды ұсынып отыр. Аймақтардағы эпидахуал туралы әріптестеріміз тарқатып айтады.Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Қызылордада эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бірақ облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына тәулігіне 30-ға дейін науқас дейін түсуде. Ал 200-ге жуық адам ем алып жатыр. Олжас ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Лабороториялық түрде дәлелденген 875 науқас. Оның 768-і 0-14 жас аралығындағы балалар. Осы баларымыздың ішіндегісі 500-дің үстіндегі егілмеген балалар. Балалар арасында ауыр жағдайдағы бала жоқ. жансақтау бөлімінде жатқан бала жоқ. медицина ұйымдары барлығы түгелдей қызылша ауруымен күресуге дайын. Індет жұқтырғандардың 90 проценті -бала. Олардың басым көпшілігі қызылшаға қарсы екпе алмағандар дейді мамандар. Сондықтан емханаларда қараша айынан бастап 1 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге екпе салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Айман ЖАНАХАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Отит, пневмония, инсифорит деген ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Тіпті өліп жағдайына дейін жеткізуі мүмкін. Сондықтан бұл асқынуларды болдырмаудың бір тиімді жолы ретінде мамандар уақытылы вакцинациялауды ұсынып отыр. Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Желтоқсан айынан бастап медицина қызметкерлері де вакцина алады. Себебі бұл індеттің нақты емі жоқ. Асқынса, инфекция адамның ішкі ағзаларын, миын зақымдауы мүмкін. Ал Алматығы ахуалды әріптесім Әйкерім айтады. Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Алматыда да вирусты жұқтырғандар күн сайын көбеюде. Қазіргі таңда 2317 адам тіркелді. Ауруға төтеп беру үшін қосымша жаппай иммундау жүргізіліп жатыр. Келушілердің қарасы көп. Мадина ТУАШЕВА, ДӘРІГЕР-ЭПИДЕМИОЛОГ: Қазіргі таңда осы қызылша ауруының күрт көбейіп кетуіне байланысты. Сол себепті біз қызылшаға қарсы жаппай иммундауды бастап отырмыз. Екпеге балалардан бөлек иммундық статусы жоқ медицина қызметкерлерін екпелеу ұйымдастырылып отар. Бұл жылдағы жоспарланған екпеден бөлек, қосымша екпе. Қызылшаға қарсы қосымша екпені 10-шы қарашадан бастадық. Келушілердің саны артып жатыр. Қалада қызылшаға қарсы қосымша вакцинациялау кезең-кезеңімен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін жалғасады. Егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға және медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне де салынады. Оларды иммундау 5-ші желтоқсаннан бастап жүргізіледі. Алмаш АХМЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Алматы қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Ауырудың басым бөлігі 80% астам пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеледі. 10 қараша мен 13 қараша аралығында қалада 266 бала екпе алды, бұл жұмыстар жалғасып, күнделікті монтиронг жүргізілуде. Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Қызылша жұқтырғандар арасында Шымкент қаласы көш бастап тұр, содан кейін Алматы қаласы мен Жамбыл және Алматы облыстары. Вакцина алмаған ересектер де көп. Дүниежүзілік тәжірбиеге қарасаң, кейбір елдерде вакцинадан бас тартқандарға айыппұл көзделген. Қазір жұқпалы дерттің алдын алу, асқынуды болдырмаудың жалғыз жолы-вакцина,-дейді мамандар.