Дубайда БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы өтеді

30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Дубайда БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (КС-28) тараптарының 28-ші конференциясы өтеді. Kazinform бұл туралы ұйымның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Іс-шараға 70 мыңнан астам делегат қатысады деп жоспарланып отыр. Конференцияда ел үкіметтері жаһандық температураның көтерілуін шектеу, оған бейімделу және климаттың өзгеруінің әсерін азайту үшін саяси және экономикалық шаралар туралы келіседі. Биыл конференцияға БАӘ Өнеркәсіп және озық технологиялар министрі Сұлтан-әл-Джабер төрағалық етеді. Ол төрт негізгі бағыттағы өзгерістерге баса назар аударатынын айтты, бұл: - 2030 жылға дейін энергияның ауысуын жеделдету және шығарындыларды азайту; - бұрынғы уәделерді орындау және жаңа келісімге негіз қалау арқылы климаттық қаржыландыруды өзгерту; - табиғатты, адамдарды және тіршілікті қорғауға көңіл бөлу; - тарихтағы ең инклюзивті климаттық конференцияны өткізу үшін күш-жігерді жұмылдыру. КС-28 халықаралық қауымдастыққа әлемнің климаттық дағдарыспен күресуде қаншалықты ілгерілегенін және бағытты түзету қаншалықты қажет екенін тексеруге мүмкіндік береді. БҰҰ-ның климаттық конференциялары – климаттың ортақ стратегиясын әзірлеуге арналған жыл сайынғы үкімет деңгейіндегі ауқымды кездесу. Бұл форумдарды сондай-ақ «БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының конференциялары» деп атайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астаналық полицейлер көшеде дірілдеп, дем ала алмай жатқан ер адамды құтқарды
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Ақтау маңында үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
16 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?: 15 желтоқсан 2024, 17:38 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Арқалық прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды: 15 желтоқсан 2024, 17:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылып, құтқарушыларға пәтер кілттері табысталды
Астаналық полицейлер көшеде дірілдеп, дем ала алмай жатқан ер адамды құтқарды
Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды