Біріккен Араб Әмірліктерінің қалаларында қатты жаңбыр жауып тұр. Ел билігі мектептер мен мемлекеттік мекемелерді онлайн-ға жіберді, деп хабарлайды inform.kz.Толассыз жауған жауын дүйсенбіде Дубай мен Әбу-Даби қалаларының кей аудандарында су тасқыны мен көлік қозғалысының тоқтауына әкеліп соқтырды, деп жазды Gulf News басылымы. Елде күн райына байланысты қауіптіліктің қызғылт сары деңгейі жарияланды. БАӘ Ұлттық метеорологиялық орталығы елдің бірнеше қаласы үшін ескерту жариялады, ол сейсенбі күні түске дейін күшінде болады. Дубай полициясы ауа райының қолайсыздығы туралы ескертетін смс-хабарламалар таратып, тұрғындарды шығанақ жағалауынан алыс жүріп, көлік жүргізу кезінде қырағы болуға шақырды. Билік білім мекемелеріне уақытша қашықтан оқуға рұқсат берді.