Отандық тележүргізуші Аша Матай үш ай күйзелісте жүргенін жасырмай атты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Тележүргізуші қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртқан.“Үш айлық күйзеліс пен бес күн қан қысымның көтеріліп-түсуінің нәтижесі. Жедел жәрдем қызметкерлеріне рахмет. Бір күнде екі рет шақырттым. Қан қысымым түсіп кете береді. Мен үшін дұға етіп қойыңыздаршы. Күш-қуатым әлсіреп, бірқатар анализ тапсырдым. Бірақ көріп тұрғандарыңыздай, мен сынбаймын. Сынуға құқым жоқ. Менің екі кішкентай балам бар. Оларға дені сау, бақытты ана керек. Біздің денсаулығымыз бен балаларымыз – аманат”, – деп жазды Аша Матай.