Сауда орталығында жүріп бір затты сындырып алдыңыз делік. Сатушы ақысын талап ететіні анық. Ал сіз төлейсіз бе? Заңгерлер не дейді? Бүлінген заттың орнына кім қояды? Әріптесім Дәрібек Бахытбек сұрап көрді. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Ойбуууу кешіріңіз. Байқамай қалдым. Қолым тиіп кетті.Не істедіңіз? төлеңіз ақшасын. Мен ба? Иә сіз төлеңіз деймін Жарайды. Әрине бүлдіру оңай, түзету қиын. Алайда, дүкен сөресіндегі затты сындырып алсақ сатушы ақысын талап етеді. Төлегің келмесе де төлеуге міндеттейді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Печенье сындырып алдым Алматыда жүргенде магазинде. Администратр жүргіріп келді. Сосын амал жоқ төледім. - Обязательно төлеуге міндетті. Енді ашып бүлдіріп жатсаң сен виноватсың ғой. Басқа кім виноват болады. - Штраф салатын шығар. Олар они же имееть права. Төлеу керек. Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне былтыр 50 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп дейді мамандар. Жансая ДАДЫН, ҚР СИМ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ: 2023 жылы үлес салмағы бойынша ең көп өтініш түсті. Бұл бизнестің сапасыз қызметтер көрсетуі бойынша, сондай-ақ тұтыну мәдениетінің өскенін көрсетеді. Негізі тауар үшін жауапкершілік кассалық чекті алғаннан кейін ғана сатып алушыға өтеді. Сондықтан мекеме әкімшілігі өз тауарларының сақталуына жағдай жасауы керек. Заңгер заң бойынша сатылымдағы затты сындырып алсаң ақысын төлеуге міндетті емессің дейді. Айтуынша, тек қасақана жасалса, ол бейнекамера арқылы дәлелденсе төлеуге құқылысыз. Бірақ оны сот анықтайды. Тлеужан КІШКЕНЕБАЕВ, ЗАҢГЕР: ҚР азаматтық кодексінің 411 бабына сәйкес егер ол затты бүлдіріп алсаңыз, сындырып алсаңыз ол дүкеннің қауіпсіздік шарасын жасамаған салдыранан болып саналады. Яғни, ол сіз құнын төлеуге тиісті емессіз. Не болса да, алатын затыңызды абайлап ұстап, асықпай қараңыз.