Дүниежүзілік мұхиттар рекордтық деңгейде жылыды: салдары қандай?

Өте жылы мұхиттар көміртекті аз сіңіреді. Сонымен қатар, жоғары температураға байланысты теңіз деңгейі тез көтеріліп, балықтар салқын жерлерге ауысады, бұл өз кезегінде тамақтану тізбегін бұзады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.Дүниежүзілік мұхит бетінің орташа температурасы осы аптада рекордтық ең жоғары көрсеткішке жетті - 20,96°C, деп хабарлайды «Коперник» климаттық өзгерістер қызметі. Бұл 2016 жылы орнатылған 20,95°C рекордты жаңартты және ғалымдардың айтуынша, бұл рекорд та жаңаруы мүмкін, өйткені максималды температура әдетте тамызда емес, наурызда болады. Өткен аптада Жерорта теңізінің бетінде ең жоғары температура тіркелді — 28,71°C. Флорида-Кис архипелагындағы судың температурасы ыстық ваннадағы температураға ұқсас болды: ол 38°C-тан асып, әлемдік рекордты жаңартқан болуы мүмкін. Өткен жұмада Ұлттық мұхит және атмосфералық зерттеу орталығы (NOAA) Солтүстік Атлантикадағы су температурасы рекордтық деңгейге жетуі мүмкін деп хабарлады. Ол әдеттегіден әлдеқайда ерте жылыған: алдыңғы рекордтар қыркүйекте орнатылған. Сарапшылар бұның салдары планетаға үлкен апаттар әкелуі мүмкін екенін ескертеді. «Біз қазба отындарын қаншалықты көп жақсақ, мұхиттар соғұрлым тез жылиды, демек жағдайды тұрақтандыруға және бұрынғы деңгейге оралуға көп уақыт кетеді», — деді Коперник орталығының қызметкері, доктор Саманта Бёрджесс BBC-ге берген сұхбатында. Мұхиттардың ысуы теңіз фаунасына да әсер етеді: киттер мен кейбір балық түрлері суық суларға ығысады, бұл олардың қоректік тізбегін бұзады. Рекордтық жоғары температура маржандарға да қауіп төндіреді: Флорида жағалауындағы рифтер ыстықтан күңгірттенуі мүмкін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Ойланып алған несие орға жықпас
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты