Бүгін Алматыда «AMANAT» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс 33-ші конференциясы өтті. Партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аманаттықтардың алдына бірқатар міндет қойды. Сайлауалды уәделердің орындалуына жүйелі бақылау жүргізіледі. Ел аумағында партиялық бақылау бекеттері ашылады. Мұндай бекеттер ең алдымен, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын қадағалайды. Ол сондай-ақ «AMANAT»-тың электоралдық кезеңнен кейінгі басты міндеті – Президенттік реформаларды одан әрі іске асыру болып табылатынын айтты.Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Мәжіліс және мәслихат сайлауынан кейін ел арасында саяси белсенділік пен бәсекелестік артты. Оған қоса инфляцияның күшейуі әлеуметтік экономикалық жағдайдың күрделене түсуі және халықтың талап-тілектерінің өскені нақты көрініп келеді. Бұны біз әлеуметтік желілерден де, халықпен кездескенде де қатты байқаймыз. Осы сындарлы сыннан сүрінбей өтуіміз қажет деп мен есептеймін. Сондықтан "AMANAT" партиясы жұртшылықтың нақты мәселелерін шешуді көздейтін жұмыстарға ерекше мән беруі тиіс.