Е. Қошанов Ақтөбе облысының шаруаларымен «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асу барысын талқылады

Президенттің ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі Сайлауалды бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысы алғашқылардың бірі болып жұмыс бастады. Оған «AMANAT» партиясы белсенді атсалысуда. Партия Төрағасы Ерлан Қошанов өңірдегі шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесіп, «Ауыл аманаты» жобасын талқылады. Алдағы 7 жылда елдімекен тұрғындарының табысын арттыруға 1 триллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ. «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алудың ыңғайлы, әрі жылдам жолдары қарастырылған. Электронды цифрлы қолтаңба арқылы арнайы цифрлық платформада онлайн өтінім беруге болады. Сонымен қатар, егер бұрын несиені мақұлдау мерзімі үш аптаға созылса, қазір үш сағаттың ішінде жауабы шығады. Партия Төрағасының қатысуымен, Тәңірберген ауылының тұрғыны, жеке шаруашылық иесі 4 млн теңгеге тауарлық несие рәсімдеді.Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ауылға деген көзқарасты бүгін түпкілікті өзгертетін уақыт келді. Сондықтан мемлекет басшысы өзінің сайлау алды бағдарламасында ауыл мәселесін бірінші кезекке қойып отыр. Бүгін басталғалы отырған «Ауыл аманаты» жобасы да осының дәлелі. Ауыл халқының тұрмысын жақсартуға, табысын арттыруға барлық әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешуге бағытталған нақты жоба. Бір сөзбен айтқанда мемлекет бүгінде ауылға түпкілікті бет бұрыс жасап отыр. А. Базарбай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді