Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмушпен кездесті. Ағайынды екі елді ғасырлар бойы ортақ рухани және мәдени құндылықтар біріктіретінін атап өткен Ерлан Қошанов түрік әріптестеріне Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық, саяси реформалар туралы айтты. Мәртебелі меймандарға Мәжілістің заң шығару қызметі жайында ақпарат берді. Кездесу барысында тараптар екі ел депутаттары достық топтарының жұмысы жөнінде де пікір алмасты.