"Егер байқаусызда сәбиге тиіп кетсе ше?" Танымал боксшылар Шүменовке қатысты дауға пікір білдірді

Танымал боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты дау қоғамда қызу талқыға түсті. Астанадағы сауда орталығында Шүменов белгісіз ер адаммен сөзге келісе алмай, артынша төбелесіп кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған. Massaget.kz тілшісі осы оқиғаға қатысты танымал боксшылардың ойын сұрады.Қазақстандық кәсіпқой боксшы, көптеген халықаралық турнирдің жеңімпазы Жанқош Тұраров бұл оқиғаға қатысты тергеу органдары тиісті баға беретінін айтады. "Бейбітті атақты боксшы, әлем чемпионы және Қазақстанның мақтанышы ретінде білеміз. Ол бұған дейін заңсыз дүниелер жасаған емес. Видеоға қарасақ олар сөзге келісе алмай, төбелеске ұласып кеткен секілді. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді. Тергеу органдары тиісті бағасын береді деп ойлаймын. Менің ойымша, кәсіби спортшы күшін қарапайым өмірде қолданбауы керек, мұны бізге бала күннен үйретеді. Тек өзіңді және отбасыңды қорға. Шүменовтің сөзінше, жанжал шешіліп, екі тарап татуласқан. Қазір тек қоғамның эмоциясын көріп отырмыз. Қателеспейтін адам жоқ деп ойлаймын және екі тарапқа бірдей қарау керек", - деді Тұраров. Еркебұлан Тоқтар мен Жанқош Тұраров. Фото: instagram.com/zhankoshturarovКәсіпқой боксшы Еділ Қожамбердиев екі тарапта да кінә барын айтады. "Бейбіт - еліміздің мықты боксшыларының бірі. Көк туымызды әлемдік ареналарда көтеріп жүрген боксшы. Бейбіт қарапайым, сабырлы жігіт деп айта аламын. Болған оқиғаға қатысты тоқтала кететін болсақ, менің ойымша, екеуінің де кінәсі бар. Бейбітке қатысты айтар болсам, ол спортшы, боксшы ретінде, әрине, қол жұмсамауы керек еді. Оның үстіне ол жігіттің қолында кішкентай сәбиі болды. Егер байқаусызда сәбиге тиіп кетсе, өзім де боксшы болғандықтан соққы қандай болатынын білемін. Сондықтан Бейбіт бауырымыз сабыр сақтап, сөзбен шешуге болар еді", - дейді боксшы. Қожамбердиевтің сөзінше, екінші жігіттің де кінәсі бар."Ұлы аутизммен ауыратын болса, әйелі секілді келіп, Бейбіттен кешірім сұрай салуы керек еді. Видеодан ол да Бейбітке агрессивті түрде жауап беріп жатқаны көрініп тұр. Бірақ біз ол жерде болған жоқпыз. Қандай жағдай болғанын, Бейбіт сондай реакция беретіндей ол жігіттің не айтқанын білмейміз. Сондықтан екеуінің де кінәсі бар деп ойлаймын. Бірақ Бейбіт кәсіби боксшы бола тұра соққы жұмсамауы керек еді". - дейді ол. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сочиде бір күнде екі рет жер сілкінді
XXXII қысқы универсиада: Қазақстан ерлер құрамасы Швецияны жеңді
«Барселона» – Испания суперкубогының 15 дүркін иегері
Биіктегі батылдық: Яан Роозе тағы таңғалдырды
Мүшел жас несімен қауіпті? Этнограф мүшел ұғымы жайлы көп білмейтін құпияны ашты
13 қаңтарда ауа райы қандай болады
Испания Суперкубогы финалында “Барса“ “Реалды“ ойсырата ұтты
Францияда екі пойыз соғылып, 20 адам зардап шекті
Хабиб Нурмагомедов стюардессамен сөзге келіп қалған соң рейстен қуылды (ВИДЕО)
«Қайрат қызғанбай ма екен?». Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосы көпшілікті ойландырып қойды
Неліктен целлюлит әйелдерде жиі кездеседі?
«ҰБТ-ға көмектесіп жүр: Оқушыларға сабақ берген 93 жастағы кейуана көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)
Сочиде бір күнде екі рет жер сілкінді
Еліміз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді
СҚО-да жеке үйлердің бірінен өрт шықты
Қыста балық аулағандарға қандай жағдайда айыппұл салынады?
Ақтауда жеңіл көлік ойын алаңына соқтығысып, кішкентай баланы қағып кетті (ВИДЕО)
Актер Рүстем Жаныаманов Інжілді қазақша дыбыстауына не себеп болғанын түсіндірді
Жамбыл облысында сиыр құдыққа түсіп кеткен
Әзербайжан қызы Ақтаудағы ұшақ апатына ән арнады
Қазақстан және Қырғызстан стратегиялық диалогты нығайтады
Сандуғаш Кенжебаева Антальядағы жарыстың жеңімпазы атанды
XXXII қысқы универсиада: Қазақстан ерлер құрамасы Швецияны жеңді
Париж Олимпиадасында жүлде алған түрік мергені сұхбат үшін қомақты сома сұрады