“Егеуқұйрық өріп жүр” : Шымкенттегі ет қоймасы антисанитариялық жағдайда жұмыс істеп тұрған

Шымкентте бірнеше қоймада ірі қара мал басының заңсыз сатылып жатқаны туралы шағымнан кейін прокуратура мен ветеринарлық бақылау қызметкерлері рейдке шықты. Бұл туралы Отырар телеарнасы хабарлайды.Облыстық ветеринариялық бақылау инспекциясы комитетінің қызметкерлері заңсыз ет сататын кәсіпкерлерге қарсы рейд жүргізген. Шымкент тұрғындары Аймауытов көшесіндегі қоймаларға өлген малдардың өлекселері әкелініп жатқанын айтып, мамандарға шағымданған.Аталмыш қоймаған келген ветеринарлық бақылау қызметкерлері ішке учаскелік полиция қызметкерлерімен ғана кіре алған. Санитарлық ережелердің сақталмауы фактісі анықталды. Лас үстелде антисанитариялық жағдайда еттің сақталғаны белгілі болды. Оған қоса қоймада егеуқұйрық қаптап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, ет өнімдері қоғамдық тамақтандыру орындарына жіберілетін көрінеді. Сатушылар ет сататын арнайы құжат ұсына алмады. Мамандардың айтуынша, мал сою пункттері заңды құжаттармен жұмыс істеуге міндетті. Сонымен қатар, мұндай орындарда күн сайын тазалық және дезинфекция жүргізіліп, тіпті қабырғалар да арнайы материалдан жасалуы керек. "Мұндағы ет міндетті түрде ветеринарлық сараптамадан өтіп, еттің құрамында жұқпалы ауру қоздырғыштары бар-жоғы, еттің қаншалықты балғын екені анықталуы керек. Бүгінге дейін мораторийге байланысты шағын бизнесті тексере алмадық. Қазір тексеріп жатырмыз. Енді осы еттен сынама алып, зертханаға жібереміз”, – деді ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қалалық инспекциясының бас маманы Нартай Айдар. Рейд прокуратура және полиция қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Прокуратураның мәліметінше, бұл ет қоймасын төрт түрлі кәсіпкер басқарған. Әрқайсысына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды, бұл шамамен 74 мың теңге. Тәркіленген ет жойылып, қоймалар жабылады. "Эпизоотиялық жағдайдың алдын алу мақсатында тексеру ұйымдастырылды. Қалалық прокуратура ветеринарлық бақылау және полиция қызметкерлерімен бірлесіп Аймауытов көшесіндегі шағын кәсіпкерлікті тексерді. Қоймаждан ветеринариялық заң бұзушылықтар тіркелді. Әр кәсіпкерге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Еттің нақты қайда сатылғаны қазір нақтыланып жатыр”, – деді Шымкент қалалық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры Қанат Дәрібай.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
700 млн теңге қолды болған: Шымкентте аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасы сотталды
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды