Мысырдағы Ұлттық теңіз ғылымдары және балық шаруашылығы институтының басшысы, доктор Әмір Закария Хаммуда Хургада ресейлік туристі жеп қойған акуланың мұражайға берілетінін айтты. Бұл туралы massaget.kz жазды.Әмір Хаммуда адам жейтін акуланың сойылып, мумияланғанын хабарлады. Сарапшылар жыртқыштың адамға шабуыл жасау себебін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін акула Теңіз ғылымдары мұражайына тапсырылады.Сондай-ақ, институт басшысы акулалардың адам етін жемейтінін және олардағы кез келген өзгерістер жануарлардың мінез-құлқының өзгеруіне ықпал ететін әлемдегі жалпы өзгерістерді көрсететінін атап өтті.8 маусымда Мысырдағы танымал демалыс орнында жолбарыс акуласы 23 жастағы баланы әкесінің көзінше жеп қойғаны белгілі болды. Қайғылы оқиғаның видеосы сол күні желіде тарап кетті. Жыртқыш ұсталып жатқаны да кейіннен видеоға түсірілген.