Египетте ковидтің жаңа «эрис» штамының екі жаңа жағдайы анықталды

Мысырдың Денсаулық сақтау және тұрғындарды қоныстан дыру министрлігі елде COVID-19-дың жылдам таралатын EG.5.2 штамының расталған екі жағдайының анықталғаны туралы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап.Штамм бейресми түрде «Eris» деген атауға ие болған. «Тұмауға ұқсас аурулар, жіті респираторлық аурулар және пневмония жағдайларын мониторингтеу орталықтарының талдау нәтижелері Сovid-19-дың омикрон штамының екі оң жағдайын растады», - деп хабарлады ведомстводан. Министрлік екі науқаста да жеңіл клиникалық белгілер бар екенін және қазіргі уақытта екеуінің де сауығып келе жатқанын атап өтті. Египеттің денсаулық сақтау министрінің профилактикалық медицина жөніндегі көмекшісі Амр Кандил азаматтарды жаңа штамм бұрынғы нұсқаларға қарағанда әлсіз болғандықтан, қосымша профилактикалық шараларды қажет етпейтініне сендірді, деп хабарлайды Egypt Independent. Министрліктің профилактикалық медицина бөлімі ауру қоздырғыштарын және инфекция көрсеткіштеріндегі кез келген өзгерістерді ерте анықтау үшін бүкіл ел бойынша жедел респираторлық инфекцияларды мұқият бақылайды. Бұл жүйе бүкіл ел бойынша 450 аурухананы үнемі бақылауда ұстайды, сонымен қатар тұмауға ұқсас аурулардың жағдайлары үнемі тіркеледі. Профилактикалық медицина бөлімшелерінде бұл науқастардан тұмау, COVID-19 және респираторлық синцитиальды вирусқа (РСВ) тесттер жүргізу үшін жұтқыншақ пен мұрын жағындылары алынады. EG-5.2 симптомдары жеңіл болғанымен, министрліктің мәліметінше, әсіресе егде жастағы, созылмалы аурулары бар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар сияқты инфекцияға ең осал топтар үшін бустерлі дозада екпе салу әлі де ұсынылады. Eris жайлы не білеміз? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, EG.5-тің жаһандық таралуы бүкіл әлемде маусым айының соңында коронавирус бойынша жалпы жағдай - 7,6%-дан 17,4%-ға дейін өсті. Вирус соңғы уақытта сәтті вакцинация науқандарының арқасында төмендегенімен, ДДҰ 3 тамызда аяқталған 28 күндік кезеңде әлемде 1 миллионнан астам жаңа COVID-19 оқиғасы тіркелгенін айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"