Талдықорған қаласында қарашадан бері жоғалып кеткен 14 жасар қыз әлі табылған жоқ.Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ата-анасы қамауға алынды. 14 жасар қыздың жоғалу дерегіне байланысты күдікті деп танылған қыздың туған анасы мен әлеуметтік желіде шағымданған өгей әкесі қамауға алынды, - деп мәлімдедіоблыстық ПД баспасөз қызметі. Әзірге күдіктілер қызды өлтірді ме, жоқ па, нақты белгісіз. Полиция күдіктілерге заңсыз тергеу әдістері жасалмағанын хабарлады.