Екі баласын өлтірген әйелдің психикалық ауытқуы бар ма? ІІМ жауап берді

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлітрген ананың психикалық ауытқуы бар-жоғы айтылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева айтты. Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, министрлік тарапынан қатаң бақылауға алынды. Заңға сәйкес, қылмыстық іс бойынша мәліметтер әзірше құпия, айтуға болмайды. Ал бұл отбасында бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың орын алғаны не алмағаны қылмыстық істі тергеу аясында тексеріліп жатыр. Анықталатын болады. Бір айта кетерлік жайт, ол отбасынан Қызылорда облысында да, Түркістан облысында да тұрғанда ішкі істер органдарына ешқашан шағым түспеген. Бірақ, әйелдер отбасында зорлық-зомбылыққа көніп, арыз бермей жүруі де мүмкін. Сондықтан оның бәрі қылмыстық істі тергеу барысында тексеріліп, қорытындысы шығарылады, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел барысында. Оның атап өтуінше, қылмыстық істерді тергеу барысында мұндай жайттардың бәрі соңына дейін тыңғылықты қаралады. Мұндай қылмыстық істердің қорытындысында көбіне отбасылық қиыншылықтардың себеп болғаны анықталады. Сонымен қатар қылмысты жасаған адам мінезінің психикалық ауытқулары да себеп болады, - деді ол. 7 ақпан күні Түркістан қаласында жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың мәйіті табылған болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?: 14 желтоқсан 2024, 13:21 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіске жетті
Рудныйдағы аялдамада Түркістан облысының 4 жасар баласы табылды
Полиция подполковнигі үй иесін өрттен құтқарып қалды
Доллардың бүгінгі бағамы
Қазақстан Елшісі мен Швеция СІМ басшысы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін талқылады
Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Жамбыл облысында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Түркістанда тағы бір жайлы мектеп ашылды
Көкшетаулық зейнеткерлер жаңа жылдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүретін болады
Өскеменде қыздың үстіне жылы аялдаманың әйнегі құлап кетті