Екі жасар сәби маскүнемдікке душар болған: Павлодар тұрғыны баласына ішімдік берді деп айыпталды

Павлодарда 2,5 жастағы сәби маскүнемдікке душар болған. Бүлдіршін маскүнем анасының әрекетінен зардап шеккен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Еріктілердің хабарына қарағанда, отбасының көршілері дабыл қаққан. "Баланың маскүнемдікке душар болғанын бәрі біледі, сыра ішеді, арзан шараппен ұйықтатады. Отбасын бірнеше күннен бері бақыладық, қызметкелердің бірі келіп, ұрысып берген соң, кетіп қалды", - дейді еріктілер. Оқиға туралы Павлодар облыстық ПД өкілдері пікір білдірді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, оқиға орнына ювеналдық полиция қызметкерлері аттанған. "Шешесі алкогольді ішімдіктерге әуес екені, қызын тәрбиелеумен айналыспайтыны, өмір сүруге қолайлы жағдай жасамайтыны анықталды. Ювеналды полиция қызметкерлері анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік материал толтырды", - деп түсіндірді Павлодар облысы ПД өкілдері. Қазіргі уақытта бала Сәбилер үйіне өткізілген. Сондай-ақ отбасы есепке қойылып, жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілген. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасындағылар қызды дәрігерлер тексеріп, облыстық балалар ауруханасына тексеруге жолдама берілгенін атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болады
Астанада кезекті жайлы мектеп пайдалануға берілді
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Өскеменде бір айдан астам уақыт бұрын жоғалған жас қыздың денесі табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Астанадағы даңғылдың бірі 30 желтоқсанға дейін жартылай жабылды
Астанадан 1 млн текше метрден астам қар шығарылды
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Аралас жүзуден эстафеталық сайыстағы жаңа рекорд
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
Қарағанды-Астана тасжолында 700-ден аса көлік кептелісте қалды (ВИДЕО)