Екі жатыры бар әйел егіз көтерді

АҚШ-тың Алабама штатының екі жатыры бар тұрғыны екі құрсағына екі қызды көтерген. Дәрігерлердің айтуынша, бұл – таңғажайып және сирек кездесетін жүктілік, деп хабарлайды Zakon.kz.32 жастағы Келси Хэтчер "uterus didelphys" немесе екі жатыр деп аталатын сирек кездесетін жатырдың аномалиясымен дүниеге келген. Оған 2022 жылдың көктемінде жүкті екенін білген кезде диагноз қойылған. Оның үстіне әр ұрық бөлек жатырға біткен. Дәрігерлердің айтуынша, бұл құбылыс әйелдердің шамамен 0,3%-ында кездеседі. Бұл аномалия әйел эмбрионында дамудың ерте кезеңдерінде, шамамен жүктіліктің сегізінші аптасында қалыптасады. "Екі аналық безде бір уақытта овуляция болғаны таңқаларлық",-дейді Доктор Хейли Миллер.Хэтчер екі баласын дүниеге әкелуге дайындалып жатса, дәрігерлер де оны босандырып алуға қосымша қызметкерлер дайындап жатыр. Екі жатыры және екі жатыр мойны бар әйелдер босану кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін. "Мен екі жатыр және екі жатыр мойыны бар көп адамға күтім жасадым. Екі жатыр мойны және екі жатыры бар әйелді босандыру қиынға соғады. Нәрестелер тіпті бірнеше сағат немесе күн аралығымен туылуы мүмкін. Өйткені жатырлар бір-бірінен тәуелсіз жиырылады",-деді Доктор Хейли Миллер.Хэтчердің дәрігерлері кесар тілігі мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ. Дегенмен бұл жағдайда қан көп жоғалтуы мүмкін. Себебі әр жатырды бөлек кесуге тура келеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Абай облысында демалыс аймағы өртенді
Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Абай облысында демалыс аймағы өртенді
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бүгін – Тәуелсіздік күні
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді – Тоқаев
Қоғам қайраткерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Синоптиктер 19 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Кімдерге ет жеген дұрыс? Дәрігер жауап берді
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанда Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Жолда қалған 15 жолаушы құтқарылды
Қыста көлікте кондиционерді не үшін қосу керек екенін білесіз бе?
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім