Нигер астанасы Ниамей қаласында 2 отандасымыз қамауға алынды. Бұқаралық ақпарат құралдарында осындай ақпарат тарады. Сыртқы істер министрлігі бұл жалған мәлімет екенін айтты. Аталған екі отандасымыз қонақ үйге тұрақтаған. Олардың қозғалысына еш шектеу қойылмаған. Жергілікті құзырлы орган қазақстандықтардың тек төлқұжаттарын тәркілеген. Жауапты министрлік Нигер елінде болған әскери төңкеріске байланысты мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуде қиындықтар барын жасырмады.Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:Біздің дипломаттар Нигердің тиісті органдарына сауалдар жолдады. Және өз құзыреті шегінде отандастарымызды Қазақстанға қайтару туралы шаралар қабылдауда. Біз қазір осы мәселені шешу үшін бар күшімізді салып жатырмыз.