Бішкекте белгісіз біреулер бойжеткенді көлікке отырғызып, алып қашып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.Екі күннен соң оның денесі табылды. Алып қашқан көліктен 31 жастағы ер адамның да денесі табылған. Алдын ала болжам бойынша, ер адам жанжал кезінде қыз баланы тұншықтырып, кейіннен өзіне қол салған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қырғызстан 2013 жылдан бастап қыз алып қашқандарды қылмыстық жазамен қудаласа да, жыл сайын мыңдаған алып қашу оқиғасы тіркеледі.